СҚО-да колледж студенті синтетикалық есірткі сатумен айналысқан
СҚО-да колледж студенті синтетикалық есірткі сатумен айналысқан
123
оқылды
СҚО полицейлері аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі сатумен айналысқан адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі көлемде синтетикалық есірткі сатқан адамды анықтады. Ол Петропавл колледждерінің бірінде оқитын 19 жастағы студент болып шықты. Жігіттің облыс орталығында жалға алған пәтерін тексерген кезде, ұнтақ тәріздес 341,1 гр зат салынған бірнеше целлофан пакеті тәркіленген. Ол “тұз” деген атпен бәріне белгілі “альфа-PvP” есірткісі екені белгілі болды. Бұл адамға қатты әсер ететін синтетикалық психобелсенді зат.  width= Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, бұл аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау болып табылады.
"Ұсталған жігіт 1700-ге жуық дозаны дайындауға жеткілікті болатын есірткіні, өзім қолдану үшін сақтадым деп отыр. Есірткіге тәуелді ретінде есепте тұрған жоқ. Жалға алынған пәтерден “тұздан” бөлек орайтын материал мен грамдап өлшейтін таразы анықталды. Басқарма қызметкерлері есірткіні өткізуге қатысы бар-жоғын тексеруде. Сонымен қатар тергеу әрекеттері барысында тыйым салынған затты сатумен айналысқан интернет-ресурс тексеріледі", – деді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.