Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов "Барыс" хоккей клубының капитаны Даррен Дицтің айлығына қатысты сын пікір білдірді.
"Спорт-Экспресс" ҚХЛ-дегі ең қымбат хоккейшілер рейтингін жасаған, ол тізімде екінші орында Диц болды. Осылайша, "Барыс" ойыншысының бір жылдық табысы 100 миллион рубль екен (579 миллион теңге).
"Бұл - халықтың ақшасына бәрінің түкіргені бар дегенді білдіреді", – деп жазыпты Хамитов әлеуметтік желіде.
Қуат соңғы жекпе-жегін қаңтарда Магнитогорскіде (Ресей) өткізіп, ресейлік Максим Пантелеевті бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.