Қуат Хамитов хоккейшілердің айлығына қатысты пікір білдірді
Қуат Хамитов хоккейшілердің айлығына қатысты пікір білдірді
134
оқылды
Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов "Барыс" хоккей клубының капитаны Даррен Дицтің айлығына қатысты сын пікір білдірді.  "Спорт-Экспресс" ҚХЛ-дегі ең қымбат хоккейшілер рейтингін жасаған, ол тізімде екінші орында Диц болды. Осылайша, "Барыс" ойыншысының бір жылдық табысы 100 миллион рубль екен (579 миллион теңге). "Бұл - халықтың ақшасына бәрінің түкіргені бар дегенді білдіреді", – деп жазыпты Хамитов әлеуметтік желіде. Қуат соңғы жекпе-жегін қаңтарда Магнитогорскіде (Ресей) өткізіп, ресейлік Максим Пантелеевті бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.