Бозжыра қоқыс алаңына айналып барады
Бозжыра қоқыс алаңына айналып барады
177
оқылды

Маңғыстау облысын­да­ғы бүкіл Қазақстанға және одан тыс жерлерге табиғи ға­жа­йып­­тардың бірі ретінде бел­гілі Бозжыра шатқалы қоқыс үйіндісіне айналып барады.

Қызылсай табиғи саябағының он инспекторы демалушылар қалдырған қоқысты жинауға ты­рысады. Бірақ олар мемле­кеттік қорықтың 316 мың гектар аума­ғын бақылап отыра алмайтынын айтты. Ерекше пейзаждарымен әйгілі шатқал Ақтаудан 300 ша­қырым жерде орналасқан. 1 нау­рыздан бері Бозжырға екі мыңға жуық турист келген. Жол талға­майтын көлікті жалға алу баға­сы – 80 мың теңге және одан жо­ғары. Алайда бұл жердің таны­малдығы табиғат сұлулығының сақталуына қарсы. «Біз саяхатшыларды қарсы ала­­мыз, браконьерліктің алдын алып, көліктерде қарудың бар-жо­ғын тексереміз. Нұсқау бере­міз, от жақпауды, қоқысты бірге алып келуді сұраймыз. Бірақ шат­қал­ға апаратын барлық жо­ды ба­қылау мүмкін емес. Сондықтан саяхатшылар қоқыстарын қал­дырып кете береді. Бізде ап­тасы­на екі рет қоқыс шыға­ратын жүк кө­лі­гі бар», – дейді «Қызыл­сай» мем­лекеттік өңірлік табиғи сая­бақ қыз­меткері Наурыз Әнесов.

 Анар ҚОНЫС