Шетелдік БАҚ Илон Маск Қазақстанға, Ресейге және ТМД-ның басқа елдеріне Tesla ресми түрде келетінін мәлімдегенін хабарлады.
Миллиардер Илон Маск «Новое знание» марафонында бейнебайланыс арқылы Tesla Ресейге ресми түрде келетінін айтты. Одан кейін Қазақстанға, ТМД елдеріне жол ашуға ниетті екенін жеткізді. Бұған дейін Tesla Алматыда қызмет көрсету орталығын ашуы мүмкін екені хабарланған еді. Tesla ресми сайтындағы картаға сүйенсек, сервис орталығы Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылы қиылысында орналасады. Оған қоса, 2019 жылы Маск елімізде электромобильдерге арналған қызмет көрсету орталықтары мен қуаттау стансаларын ашатынын айтқан-ды.А.ЖОЛДАС