«Air Astana 31 мамырда ашылуы жоспарланған Алматы – Минск бағыты бойынша әуе қатынасын тоқтатты. Рейстерді тоқтату туралы шешім 20 мамырда қабылданды, бұл коммерциялық жүктеменің төмендігіне байланысты. Жолаушыларға рейстердің тоқтатылғаны туралы хабарлама сол күні жіберілді», – деді Air Astana-ның өкілі.
Ал 23 мамыр күні Ryanair әуе компаниясының Афиныдан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіге шұғыл қонды.