Алматы облысында бір топ түлек ұсталды
Алматы облысында бір топ түлек ұсталды
5,100
оқылды
Алматы облысында көліктердің мемлекеттік нөмірін алып тастап, көлік жүргізген түлектер ұсталды.
«Оқиға Жамбыл ауданының орталығы - Ұзынағаш ауылында болған. Олар - колледж түлектері. Автомашинадағы адамдар да, көліктер де анықталды. Қазір полицейлер осы оқиғаға қатысты тиісті шара қолданып жатыр», - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаменті.
Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қосымша ақпарат кейінірек жарияланатынын мәлімдеді. Бұған дейін Маңғыстау облысында мектеп бітіруші түлектер төбелескенін хабарлаған болатынбыз. https://www.youtube.com/watch?v=o5WbJ1BeIv8