Қазақстан АҚШ құрамасынан жеңілді
Қазақстан АҚШ құрамасынан жеңілді
132
оқылды

Шайбалы хоккейден 2021 жылғы Әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы үшінші ойынын АҚШ-пен өткізіп, жеңіліс тапты.

Ойын 3:0 есебімен аяқталды. Қарсылас команда сапынан бірінші кезеңінің 6-минутында Адам Кленденинг есеп ашса, екінші кезеңнің 21-минутында Тревор Мур есепті үстемелей түсті. Үшінші кезеңде де америкалық құрама басымдығы байқалды. 41-минутта Джек Друри мергендігімен көзге түсіп, есепті 0:3-ге жеткізді. Осылайша, Қазақстан құрамасы үшінші кездесуінде өз қақпаларына жауапсыз үш шайба жіберіп алды. Бұл Юрий Михайлис шәкірттерінің биылғы дүниежүзілік біріншіліктегі бірінші жеңілісі. Еске сала кетейік, қазақстандық хоккейшілер келесі ойынын 26 мамырда кешкі сағат 19.15-те Германия құрамасына қарсы өткізеді. Ал АҚШ құрамасы 27 мамырда Латвиямен шеберлік байқасады.

Әбілмансұр ЖАСАН