«Тойға 160-тан астам қонақ келді» – ұшақ жалдап, әуеде той өткізгендерді тергеу басталды
«Тойға 160-тан астам қонақ келді» – ұшақ жалдап, әуеде той өткізгендерді тергеу басталды
158
оқылды

Үндістанда коронавирус кесірінен үйлену тойын жерде өткізе алмаған. Бірақ шектеулерді айналып өтудің амалын тапқан. Екі жас некесін ұшақтың ішінде қидырған.

Жас жұбайлар тойға арнайы ұшақ жалдаған. Неке қию рәсіміне 160-тан аса қонақ қатысқан. Сақтық шаралары сақталмаған.   [caption id="attachment_140403" align="aligncenter" width="1024"]той Фото. Видеодан скриншот[/caption] Оқиғаның жай-жапсарын Үндістанның Авиация басқармасы тексеріп жатыр. Әуе компаниясының сол күні кезекшілік еткен қызметкерлері жұмысынан уақытша шеттетілді.   https://youtu.be/0BRK__eyYvM

Үндістанда коронавируспен қатар мукормикоз да өршіп тұр.