Полицияға өтірік айтқан депутат қамауға алынды
Полицияға өтірік айтқан депутат қамауға алынды
142
оқылды

Павлодар қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, Қайрат Әбішев 25 мамыр күні таңғы сағат 5-те ұсталды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

Ол техникалық тексеруден өтпеген Toyota Camry көлігімен жүрген. Оның үстіне ер адам өзін полицияға басқа есіммен таныстырды. Жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан.

Ұсталған адам наркологиялық диспансерге медициналық тексеруге жіберілді. Алайда ол тексеруден өтуге үзілді-кесілді бас тартқан.

Сотта Әбішев өзінің кінәсін мойындамады. Оқиғаның мән-жайын мамандар анықтаған. Сот қаулысына сәйкес, Қайрат Әбішев әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 613-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Ол он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.