"Жалақысы жоғары жұмыс ұсынған": Шымкентте 16 адам сотталады
"Жалақысы жоғары жұмыс ұсынған": Шымкентте 16 адам сотталады
145
оқылды
Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Бахрейнда адам саудасымен айналысқандарға қатысты сот отырысы өтеді.  16 адам сотталады. Сот отырыс 27 мамырда өтеді. Айыпталушылардың көбі қазақстандықтар, ресейліктер мен қырғызстандықтар да бар. Сондай-ақ олардың арасында Бахрейн Корольдігінің азаматтары, ТМД және жақын шетел азаматтары да бар. Өткен жылы Ішкі істер министрлігі адам саудасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топты құрықтаған болатын.
«Қаскүнемдер халықтың әлеуметтік осал топтары мен ақшаға мұқтаж жас қыздарды, оның ішінде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді өз дегендеріне көндіріп, оларды сексуалдық құлдықта ұстау үшін Бахрейннің Манама қаласына жөнелткен», – делінген хабарламада.
Олар құрбандарына шетелде жалақысы жоғары жұмыс ұсынған, алайда қыздар Бахрейнге жеткеннен кейін бірден сексуалдық құлдыққа түскен. https://www.youtube.com/watch?v=-lGZ7LT5oCM