Бокстан Азия чемпионаты: Әйелдер құрамасынан екі спортшы финалға шықты
Бокстан Дубайдағы Азия біріншілігінде әйелдер арасындағы жартылай финалдық сын басталды, - деп хабарлайды Olympic.kz. Қазақстан командасы сапынан екі боксшы финалға шығып үлгерді. 48 келідегі Алуа Балқыбекова үндістандық Мониканы жеңіп, шешуші сынға өтті.
Сондай-ақ, 51 келіде жұдырықтасқан Назым Қызайбайдың Шри-Ланкалық қарсыласы үш рет нокдаунға шығып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Назым да турнирдің финалында бақ сынайды.
Чемпионатта тоғыз боксшымыз жартылай финалға шыққан:
48 келі: Алуа Балқыбекова,
51 келі: Назым Қызайбай,
54 келі: Дина Жоламан,
57 келі: Владислава Кухта,
60 келі: Римма Волосенко,
64 келі: Милана Сафронова,
75 келі: Марина Вольнова,
81 келі: Фариза Шолтай,
81 келіден жоғары: Ләззат Күнгейбаева.