Құтқарушылар Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен жеті жігіттің үшеуін тапты
Құтқарушылар Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен жеті жігіттің үшеуін тапты
135
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли: «Бүгін «Қазавиақұтқару» тікұшағымен әуеден барлау барысында Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды. Олардың хал-жағдайы жақсы. Қалған туристерді іздестіру жалғасып жатыр», – деді.

Психологтар жоғалған жігіттердің туыстарына психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Туристер Төлеби ауданында тауға саяхатқа шығып, хабарсыз кеткен.