Психологтар жоғалған жігіттердің туыстарына психологиялық көмек көрсетіп жатыр.Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли: «Бүгін «Қазавиақұтқару» тікұшағымен әуеден барлау барысында Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды. Олардың хал-жағдайы жақсы. Қалған туристерді іздестіру жалғасып жатыр», – деді.