"Болар бала 1 жасынан домбыра шертер": Димаш бала кезіндегі қызық видеосын жариялады
"Болар бала 1 жасынан домбыра шертер": Димаш бала кезіндегі қызық видеосын жариялады

Әнші Димаш Құдайбергенов 1 жасында түсірілген видеосын жариялады. Онда ол домбырамен ойнап жүр.

Видео 1995 жылы 18 қарашада түсірілген. "Мен бірінші әнімді 1 жасымда жаздым. Онда ноталар таза емес, бірақ мен әнді шын жүректен айттым. Видеоның толық нұсқасын менің YouTube арнамнан таба аласыз", - деп жазды Димаш Құдайбергенов Instagram-да. Оқырмандары "болар бала жасынан" деп, таңданысын жазып жатты. Видеоға әнші Сәкен Майғазиев те "Қандай ғажап! Тіл-көзден аман жүр, Дималек" деп пікір қалдырған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)