Жыртық жол
Жыртық жол
209
оқылды
Жей береміз, жейміз ғой, жей береміз, Давай, асфальттан да, дей береміз! – деп әндететіндер елімізде елеңдеп тұратын болды. Өйткені, жол салуға тендерден ақша болінсе жымыңдап, қутыңдап, алақандарын ысқылып, ысқырып, қышқырып тұратын әкімдер, жол мекемелерінің аймақтық басшыларын аяп кетеміз. Олар жерге  қаз–қатар жата қалып, қыруар ақшаға бата қалып, жол кеміреді. Асьфальтті шайнайды. Асқазандары қайнайды. Олар обшым тоймайды, тек құлқындарын ғана ойлайды. Жол салынып жатқанда, асфальттің қалыңдығынан бір сантиметр жегеннің өзі қанша қарынды тойдыратынын есептеп көрмеген шығарсыз? Асфальт жеген ауыздардың айналаса қап–қара, мұрындары дап–дала... Жата қалып жегенде, мұрын байғұс не көрмейді десеңізші? Мәселен, Алматы облысындағы бір ауылға төселген асфальтті теле арнадан көріп, таң қалғанбыз. Асты топырақ, қолмен көтерсең, кепкен тезек сияқты, қопарылып жатыр. Неге еліміздің жолдары сапасыз? Неге қыруар қаржы бөлініп, уақытынан бұрын салынған жолдар бір жыл өтпей жатып,  көктемгі жауыннан кейін жарамсыз болып қалады? Оу, соны да білмейсіздер ме? Бөлінген ақшадан жымқырған соң, жата қалып асфальт жегеннен кейін жолдарымыз қалай оңсын? Бір шетелдік Ақтөбеде таксимен келе жатыр екен.  Бір жерден өте бергенде, қазақ тілін білмейтін негр: – Ойбай! –деп қалады. Таксиші шұңқырдан өте берген еді.Тағы бір жерледе ішін ұстаған негр: – Ойбай! –дейді. Қазақша  ойбайлаған шетелдікке қараған таксиші: – Кешіріңіз , есіміңіз? – деп сұрайды. – Джек. – Джек мырза, қазақша білесз бе? – Аз–маз суздер жаттадим. Ойбай деген. – Неге тек ойбайды? – Бир қазақстандық танисым айтты, Актубеге барсан, көп ойбайлайсың. Жолдары нашар. Ойбайлап отыр деген. – Ааа. Онда ойбайлай беріңіз! Содан, не керек, шет ел азаматы күні бойы ойбайлап жүріпті. Ішін ұстапты, бірақ жүрегі айнып, құспапты. Негізі өте ұят болған екен. Ал,ұялатын жерлеріміз тек Ақтөбеде ғана ма екен? Құдайым-ау, Шымкенттің шет жақтарында да, ойбайлататын көшелер бар. Алматы облысында батпақтап, астана маңында балшыққа аунап жататын  жұртты көріп, көңіліңіз көңге айналады.   Көлігі барларды аяп кетемін. Доңғалақтары жарылып, майлары ағып, бөлшектері сынып, қырауар ақшаға жөндетіп жатады. Оны айтасыз, батпақты көшемен  көлік жүре алмаған соң, жедел жәрдем дәрігерлерінің батпақ кешіп жүргендерін де көрдік. Көріп, ұяттан өлдік. Сонда дейміз–ау, құдайдың майда тасын төгіп тастауыңа болатын ауыл әкімдерінін құлқындарын құрт жеп кеткен бе? Өздерінің үй аулаларын қараңызшы, мрамор төсеп тастаған! Жолдардың жыртылып, ойдым, ойдым, ойбай, тойдым болып жатқаны ел басшыларын қатты алаңдатты, жол басшылыарын қатаң сынға алды.  Президенттің тапсырмасымен автомобиль жолдары комитетінде жеті жыл отыра-отыра шаршаған шенеунік Сайранбек Бармақов қызметінен босатылды. Ол соңғы екі жылда аталмыш комитеттің төрағасы болып, түк бітірмеген еді. Солтүстік Қазақстан жолдары да, ойбайлататын еді. Шұңқырлардан көз ашпайсың. Рахат. Асқазаныңыз тез қорытылып, дәретханаға жүгіресіз. Осы салаға жауапты облыс әкімінің орынбасары Иван Турков та,  креслосымен жылап-еңіреп қоштасты. Ал, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов та жылауық екен. Қызметінен қуылғанда,  шұрық-тесік жолдардың жанына жата қалып, жылаған дейді–мыс. «Қайран менің жолдарым-ай, сендерді неге  қорладым-ай!» деп еңірепті-мыс. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов жетім жолдардың жанында билепті-мыс. Қызметтен кеткеніне қуаныпты дейді ме... Әйтеуір әңгіме көп. Ойда-қырда, оларды қандай жаза күтіп тұрғаны бір Құдайға ғана аян.  

Сардар САЙЫНҰЛЫ