Қазақстанда аптап ыстық болады
Қазақстанда аптап ыстық болады
83
оқылды
30 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстыққа байланысты дабылды ескерту жарияланды. Ертең күндіз республиканың басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ түседі. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстік пен оңтүстік-батыста тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында бұл күні +35 градус ыстық болады, найзағай ойнайды. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Орал қаласында да найзағай күтілуде. Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай болжанып отыр, желдің екпіні күндіз 15-20  м/с дейін барады. Облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 37 градусқа дейін жоғарылайды. Ақмола облысында да күндіз аптап ыстық болады – сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды. Күндіз Қарағанды облысының кей аумағында 38 градус ыстық болады. Маңғыстау облысында температура 38-40 градусқа дейін барады деп болжануда. Бұған қоса, найзағай жарқылдап, тұман түседі. Қостанай облысында күндіз 35 градусқа дейін ыстық болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады.