Павлодарда саяжайлар өртеніп жатыр
Павлодарда саяжайлар өртеніп жатыр
Павлодарда «Металлург» саяжайында өрт сөндірілуде, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Өртеніп жатқан саяжайлардың видеосы әлеуметтік желілерде қайта пайда болды.
- 30 мамырда сағат 11:08-де Павлодар қаласы, «Металлург» саяжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Қамыс жанып жатыр, өрттің аумағы белгіленуде. Оқиға орнында жеке құрамның 20 адамы мен 6 техника жұмыс істеуде, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.
Мамандар өрттің негізгі себебі сақтық шараларын ұстанбай отты пайдалану болып табылады дейді.