4 жасында «кішкентай Месси» атанған Қазақстан тұрғыны жұртты сүйсінтті – видео
4 жасында «кішкентай Месси» атанған Қазақстан тұрғыны жұртты сүйсінтті – видео
353
оқылды
Елорданың 4 жасар тұрғыны Имран кәсіби футболшылардың түрлі жаттығуын айна-қатесіз қайталай алады. Имран өзі тұратын үйдің ауласында «жұлдыз» атанып үлгерген. Оның допты шебер алып жүретініне, қазірден түрлі финттер жасап, өзімен жасты балаларды оңай алдап өтетініне көршілері сүйсіне қарайтын болған. ҚазАқпараттың жазуынша, Имранды әкесі жаттықтырып жүр. Баласы аяғын тәй-тәй басқаннан допқа құмар. Ал оның футболға бейімі үш жарым жасында байқалған. Содан бері Ислам Орымбаев баласын күніне үш уақыт өзі жаттықтырып келеді. https://www.youtube.com/watch?v=FRUmk-hAdA8&t=6s&ab_channel=KazredKazred «Балам 2017 жылы 22 мамырда туған. Жақында ғана төртке толды. Бұдан кішкене кезінде жұмысқа кеткенде бөлмесіне доп қалдырып кететінмін. Сол кезде ол басқа ойыншықпен ойнап отырса да, арасында бір допты теуіп кетпесе көңілі көншімейтін. Ал үш жарым жастан бастап футболға ерекше ықылас таныта бастады. Таңертең тұра сала, бетін де жумастан маған футбол ойнайық дейтін. Осылай мен оны өзім жаттықтыра бастадым», – дейді Ислам Орымбаев. «Имран кішкене күнінен «Пеле. Аңыздың тууы» атты фильмді жақсы көрді. Әсіресе, Пеленің бала кезі бейнеленген тұсын қайталап қойып беруді сұрайтын. Қойып бергенімізде бала Пеленің допқа құмарлығы, футболға деген махаббатына ерекше сүйсініп қарайтын», – дейді жас таланттың анасы Гузал Парманкулова. https://www.youtube.com/watch?v=Wg9t99mxhOE&t=19s&ab_channel=KazredKazred Биыл ақпан айынан бастап Ислам Орымбаев ұлы кәсіби түрде жаттығуы үшін баласын футбол мектебіне беріпті. Бүгінде Имран кәсіби бапкерлерден сабақ алып жүр. Ал бапкер Кравченко Сергей баланың 4 жаста меңгеріп алған жаттығуларын кейбір он жасар балалар қайталай алмайтынын айтып, жас дарынға «кішкентай Месси» деп баға берген. https://www.youtube.com/watch?v=__LLLSq0UkU&t=35s&ab_channel=KazredKazred [caption id="attachment_141713" align="alignnone" width="565"] width= Имран бапкерімен
Фото: futbol_imran[/caption]

Фото: inform.kz