Қазақстандық боксшы Ләззат Күнгейбаева 2021 жылы Дубайда (БАӘ) өткен Азия чемпионатында алтын жеңіп алды, – деп хабарлайды Sports.kz.
Финалда 81 келіден жоғары салмақтағы он дүркін Қазақстан чемпионының қарсыласы үндістандық Анупама болды. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен Күнгейбаеваның жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Ләззат Күнгейбаева Қазақстан әйелдер құрамасына турнирдегі сегізінші алтынды алып келді. Бұған дейін Алуа Балқыбекова (48 кг.), Назым Қызайбай (51 кг.), Дина Жоламан (54 кг.), Римма Волосенко (60 кг.), Милан Сафронова (64 кг.), Валентина Хальзова (69 кг.) және Фариза Шолтай (81 кг.) осы турнирде алтын медаль алған еді.