Астана әуежайында екі рейстің уақыты кейінге шегерілді
Астана әуежайында екі рейстің уақыты кейінге шегерілді
126
оқылды

Бұл туралы әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов айтты.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы екі әуе рейстің кешігіп жатқанын хабарлайды. Нұр-Сұлтан – Түркістан бағытындағы рейс кесте бойынша таңғы сағат 9.05-те ұшып шығуы керек болған. Техникалық себептерге байланысты жоспарланған резервтік әуе кемесінің жеткіліксіздігінен сағат 20.10-ға дейін кешігеді. Сондай-ақ SCAT әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы рейсі әуе кемесінің кешігіп жетуіне байланысты 16.30-ға шегерілді. Жоспарланған уақыты сағат 14.05 болатын», – деді ол.

Бұған дейін Алматы әуежайында жанжал шығарған жолаушы туралы жазған болатынбыз.