Бұл туралы әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов айтты.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы екі әуе рейстің кешігіп жатқанын хабарлайды. Нұр-Сұлтан – Түркістан бағытындағы рейс кесте бойынша таңғы сағат 9.05-те ұшып шығуы керек болған. Техникалық себептерге байланысты жоспарланған резервтік әуе кемесінің жеткіліксіздігінен сағат 20.10-ға дейін кешігеді. Сондай-ақ SCAT әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы рейсі әуе кемесінің кешігіп жетуіне байланысты 16.30-ға шегерілді. Жоспарланған уақыты сағат 14.05 болатын», – деді ол.