Тұрғындар мәселесі шешімін таппақ
Тұрғындар мәселесі шешімін таппақ
145
оқылды

«Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне қала тұр­ғындары көкейдегі түрлі мәсе­лелерін айтып, көмек сұрап келеді.

Қабылдау бөлмесінде «Шы­ғыстаун» тұрғындарының 5 жыл ше­шімін таппай келген мәселесі де сөз болды. Ұжымдық арызға сәйкес тұрғын-үй құрылысын жүргізген K7-Group мекемесі инженерлік желі­лерді (тоқ, су, кәріз жүйесі) тиісті ме­кемелерге өткізбеген. Яғни, ор­талық­тандырылған жүйеге қосыл­маған. Бұл тұрғындарға біраз уақыт­тан бері кедергі келтіріп отыр. Қо­ғам­дық қабылдау өткізген қала әкімінің орынбасары Серік Ғұсман бұл мәселенің анық-қанығын анық­тау мақсатында «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы Ақтау партиялық бақылау комис­сиясына қайта мониторинг жүргізуге ұсыныс берген болатын. Өз кезегінде партиялық бақылау комиссиясы бұл мәселені дереу қол­ға алып, тез арада мониторинг то­бы құрылды. Жұмыс тобы қата­рында «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалы қызметкері Мадияр Қалиасқаров, «Nur Otan» партиясы АҚФ жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшелері Аида Балқаш­байқызы, Шамсадин Гусейнов, Саят Елесбай, Ақтау қалалық мәслихат депутаттары Уайс Ерсайынұлы, Анар Шамшадинова, «Шығыстаун» тұр­ғын-үй құрылысын жүргізген K7-Group мекемесінің заңгері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Куаныш Мырзағали және «Шығыстаун» тұрғындары да болды. Қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындардың арызын назарға алып, мәселені шешуді орынбасары Е.Ізбергеновке және тиісті бөлім­дерге тапсырды. Қала әкімдігінің араласуымен мәселе жедел шешіліп жатыр. Яғни, әкімдік тарапынан К7-GROUP құрылыс мекемесіне қысқа уақыт ішінде кездескен кемшіліктерді түзеу бойынша қатаң түрде кеңес берілді. Нәтижесінде, қазір құрылыс жұмыс­тарының алғашқы кезеңі жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, «КЖСА» МКК, AllianceEnergoSnab ЖШС және Alliance LTD ЖШС тарапынан тиісті жұмыстар қолға алынды. Алдағы уақытта да жұмыстың толық аяқталуы партияның жіті назарында болады.  

Ә.МАНСҰР