Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті
Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті
384
оқылды

Кеше Алматыда Қолөнер палатасы қала тұрғындарына шеберлердің туындыларын ұсынып, жәрмеңке ұйымдастырды. Ай сайын ұйымдастырылатын мұндай жәрмеңкеге осы жолы Алматы маңында орналасқан Көк шоқы ауылының шеберлері қатысты.

[caption id="attachment_142137" align="alignnone" width="1024"]шебер ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Осы жерден қазақтың дәстүрлі қолөнер туындыларының барша түрін табуға болады. Мысалы, музыкалық аспаптар, ұлттық киімдер, киіз өнімдері, ши өрнектері, киіз үй жабдықтары - бәрі осы жәрмеңкеде табылып, шетел қонақтарын да таңқалдыруда. [caption id="attachment_142138" align="alignnone" width="1024"]шебер ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Көрмеге келген қолөнершілердің бірі - Сұлтан Тілек. Оның қолынан шыққан туындыларға қарап, ұмыт болған дүниені қайта жандандырды деуге болады. "Өнерге бала жасымнан қызықтым. Әшекей-бұйымдарға деген қызығушылықтың арқасында қолөнермен айналыстым. Сөйтіп, қазақтың қолөнерін меңгеріп, өзімдік дүние істеуіме мүмкіндік туды. Бүгінде бүкіл ұлттық бұйымдарды, киім-кешектерді ежелгі үлгісінен айнытпай тігіп, қайта жаңғыртып жатырмын. Басты мақсатым - ұлттық өнерімізді жоғары сапада жасау және әлемге таныстыру, бабаларымыздан қалған ұлттық мұрамыздың қалыбын бұзбай,  ұрпақтан ұрпаққа жеткізу" - дейді ол. [caption id="attachment_142139" align="alignnone" width="1024"]шебер ©Айтжан Мұрзанов[/caption] 31 жастағы Сұлтан Қытайдың Үрімжі қаласында дүниеге келген. 2008 жылы отбасымен Қазақстанға қоныс аударған. [caption id="attachment_142140" align="alignnone" width="988"]шебер ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Жалпы, Алматы Қолөнер палатасы мемлекеттік "Мәдени мұра" және "Рухани жаңғыру" жобаларының бағдарламаларын жүзеге асыруда "Ұлттық киім", "Қазақ үй әлемі",  "Домбыра күмбірі" секілді фестивальдер ұйымдастырып, жас ұрпаққа шеберлік сабақтарын өткізіп келді. Жәрмеңке көне Жібек жолында өтетін болған соң Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінің озық шеберлері де қатысты. Соған орай, жәрмеңке халықаралық мәдени қатынастардың нығайуына да себепші болып отыр. [caption id="attachment_142141" align="alignnone" width="1024"]шебер ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Осы жылдары жәрмеңкеде " Бақытты отбасы" мемлекеттік бағдарламасына байланысты көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандардың жаңа кәсіпке бет бұрып, өз туындыларын сатуға мүмкіншілік туып отыр. Жәрмеңкеде қолөнер шеберлері туындыларын насихаттап, дамытып, көне Жібек жолын жаңғыртып, қала қонақтарының және тұрғындардың ризашылығына бөленуде. [caption id="attachment_142142" align="alignnone" width="1024"]шебер ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Мысалы, киіз басудың шебері өзін қолөнермен айналысамын деп ойламаған. Айтуынша, тоқыма тоқумен бұрыннан айналысқан. Бірақ ол кезде негізінен жақындары мен ағайын-туысына тоқып, беріп отырған. [caption id="attachment_142143" align="alignnone" width="1024"]шебер ©Айтжан Мұрзанов[/caption]

– Бірде үйде тоқымадан тоқылған дүние көбейіп, жиналып қалды. Қызым екеуміз ауылдағы базарға шығып, сатпақ болдық. Жасаған дүниемізге көбі қызықты. Солардың бірі Алматыда қолөнерге байланысты жәрмеңке өтетінін және оған қатысып көруді айтты. Бағымызды сынап көрмек болдық. Сөйтіп, 2017 жылдың мамыр айында Алматыдағы Арбатта өткен жәрмеңкеге қатыстық. Сол жерден киізден жасалған үлкен алманы көріп, қызығып кеттім. Бағыма қарай, сол жерде киізден алма жасаудан шеберлік сабағы жүріп жатты. Міне, содан бері киіз басу қолөнерімен айналысып кеттім, – дейді Тамара Чурсина.

Жәрмеңкеге көрнекті суретшілер, еңбегі сіңген геологтар, музыканттар мен атақты қолөнер шеберлер қатысуда.