Өнер иесі ұзатқан қыздардың алды көпбалалы ана болған.
«Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді
Фото: stan.kz
6,598
оқылды

«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек «Қызық таймс» бағдарламасында қыз ұзату тойына жиі баратынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өнер иесі ұзатқан қыздардың алды көпбалалы ана болған екен.

«Ұзату тойға уайыммен барамын. Ақшаға бола барады деп ойламаңыздар. «Бақытты болып кетсінші» деп қатты уайымдап, бір-екі күн алдын қиналамын. Оны ұзатып салғаннан кейін «Не болды екен, сіңісіп кетті ме екен» деп ойлап қоямын. Аллаға шүкір дейін, мен ұзатқан қыздардың ешқайсысы төркініне қайтып келмеген. Алды 5-6 балалы болып кетті», -  деді өнер иесі.