«Спутник V» вакцинасын алғандар қай елдерге еркін кіре алады?
«Спутник V» вакцинасын алғандар қай елдерге еркін кіре алады?
130
оқылды

Маусымның басындағы мәлімет бойынша, "Спутник V" 65-тен астам елде тіркелген. Бірақ ресейлік вакцина алғандарды шекарадан өткізбейтін елдер біршама.  Aikyn.kz  "Спутник V" вакцинасының сертификаты бар туристерді ПТР-тест нәтижесінсіз еркін кіргізетін 10 елдің тізімін жасады.

Армения Онда қазақстандықтар 6 айға дейін визасыз жүре алады.  "Спутник V" вакцинасын толық алған азаматтар ПТР-тест анықтамасынсыз өте алады. Болгария Қазақстандықтарға виза талап етіледі. Бұл елге кіру үшін вакцинаның екінші дозасын кем дегенде 14 күн бұрын салғызу керек. Грекия Бұл елге қазақстандықтар визамен кіре алады. Вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін екі апта өтуі керек. Орыс тіліндегі сертификат қабылданады. "Спутник V" вакцинасын алғандар бір апталық карантиннен босатылады және ПТР-тест нәтижесі сұралмайды. Бірақ ұшуға 24 сағат бұрын PLF (Passenger Locator Form) нысанын толтыру қажет. Онда вакцинация туралы деректерді тіркеу керек. Жолаушыларды әуежайда тексереді, вирус табылса, 14 күн карантинге жатқызылады. Грузия Бұл елде қазақстандықтар бір жылға дейін визасыз жүре алады. Вакцинаның екінші дозасын алғаннан 14 күннен кейін турист шекарадан еркін кіргізіледі және карантинге жатқызылмайды. Ұшар алдында үкіметінің сайтындағы электронды сауалнаманы толтыру керек. Онда туристің байланыс деректері, Грузияда тұратын мекенжайы және соңғы екі аптада қай елдерді болғаны сұралады. Кипр Мұнда қазақстандықтар визамен ғана кіре алады. Ол үшін вакцинаның толық дозасын алу керек. Екінші дозаны алғаннан кейін бірден ұшуға болады. Ұшуға бір тәулік бұрын Cyprus Fight Pass платформасында арнайы нысанды толтырып, онда вакцинация туралы сертификатты ағылшын тілінде тіркеу керек. Кипр билігі вакцина алған туристерді коронавирусты анықтайтын тестен босатса да, әуежайда тест тапсыруға немесе тапсырмауға ерік береді. Молдова Елде 3 айға дейін визасыз жүруге болады. Вакцина алғаны туралы орысша сертификат қабылданады. "Спутник V" вакцинасын алғандар коронавирусты анықтайтын тест пен карантиннен босатылады. Сербия  Елде бір айға дейін визасыз жүруге болады. Вакцинаның толық дозасын алғандар кіре алады. Pfizer, Sinopharm, AstraZeneca және "Спутник V" вакциналарын алған туристер ПТР-тест анықтамасынсыз кіргізіледі, карантинге жатқызылмайды. Тәжікстан  Онда бір айға дейін визасыз жүруге болады. Бұл елге кіру үшін екінші дозаны алғаннан бастап, кем дегенде, 30 күн өтуі керек. Егер вакцинаны алғаннан кейін бір ай немесе одан көп уақыт өтсе, ПТР-тест нәтижесі талап етілмейді. Егер вакцина алғаннан кейінгі уақыт бір айға жетпесе, талап етіледі. Тунис Қазақстандар үшін виза қажет болады. 1 маусымнан бастап вакцина алған туристерден ПТР-тест нәтижесі талап етілмейді. Бірақ әуежайда экспресс-тест жасалады, нәтижесі оң болып шықса, карантинге жатқызылады. Хорватия  Қазақстандықтар визамен кіре алады. Мұнда туристер «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салғаннан екі аптадан кейін кіре алады. Сертификат ағылшын тілінде болуы керек, ол 180 күн ішінде жарамды болады. Ұшар алдында Хорватияның туризм министрлігінің сайтындағы арнайы нысанды толтырып, қонақ үйді брондағанын растауы керек. Еске сала кетейік, Сауд Арабиясында QazVac және «Спутник V» вакцинасын алған азаматтардың сертификаты қажылыққа баруға жарамсыз екенін хабарлаған едік. Pfizer-Biotech, AstraZeneca, Johnson&Johnson және Moderna вакциналарын алған азаматтар кіре алады.