Қазақстанда биыл 32 педофил бостандыққа шығады
Қазақстанда биыл 32 педофил бостандыққа шығады
118
оқылды

Оларға химиялық кастрация жасалмайды. Өйткені олардың бәрі заңға түзету енгізілгенге дейін сотталған. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады.

Бірақ бұған құқық қорғаушылар мен психологтар алаңдаулы. Олар бостандыққа шыққаннан кейін бір жыл ішінде тағы да қылмыс жасауы ықтимал. Телеарнаның хабарлауынша, қазіргі уақытта абақтыда екі мыңға жуық адам жазасын өтеп жатыр. Олардың 20 пайызы – екінші рет балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендер.

Психолог маман Ержан Базарбаев: «Бостандыққа шыққаннан кейін оларға осы мәселені шешуге көмектесетін белгілі бір психологтар тағайындалуы керек. Оларды көп ой мазалайды. Әдетте, сотта мұндай адам ақылды деп танылады және оның бейімділік себептерін ешкім түсінбейді. Ондай адамдар ерте ме, кеш пе тағы да қылмысқа баруы мүмкін», – дейді.

«Право» қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Рыль сотталғандармен жұмыс абақтыда отырған кезден басталуы керек деп есептейді.

«Олармен психотерапевт, психолог, терапевт жұмыс істеуі тиіс. Бірақ бұл абақтыда ұйымдастырылмаған. Жазасын өтегендерді оңалту бағдарламасы болмаса, жағдай ушығуы мүмкін», – дейді.

Бұған дейін жазасын өтеп жатқан педофилдің қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.