Ақтөбеде карантин жеңілдеді
Ақтөбеде карантин жеңілдеді
5,101
оқылды
Ақтөбе бір аптадан бері «жасыл» аймақта тұр. Бүгін облыстың бас санитар дәрігері жаңа Қаулы шығарды. Ақтөбе облысында адамдар көп жиналатын конференция, форум, шеру, жиын, ойын-сауық, мерекелік, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды өткізуге болмайды. Дегенмен «ASHYQ» жобасы көп кәсіпкердің жұмысын жеңілдетті.
«Бильярд, компьютерлік, боулинг клубтары жұмысын бастай алады. Тек ондағы адам саны мөлшері 30% аспауы тиіс. Сонымен бірге балалардың ойын-сауық орталықтарында адам саны 50-ден аспайды. Банкет залдарында да адам саны 50-ден көп болмауы тиіс. Діни объектілер, оның ішінде мешіт, православие шіркеуі және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шаралар ашық ауада өткізілуі тиіс. Бетперде режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталғаны дұрыс»,- деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Мәдениет, спорт объектілерінде оқу-жаттығу, дайындық жүргізуге рұқсат бар. Көрермен жинауға да мүмкіндік берілді.
«Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары, жабық базарлар, банктер, ХҚКО, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, сауна, СПА-орталық, бассейндерге еш шектеу жоқ. Балаларды сауықтыру ұйымдары (мектеп жанындағы, қала сыртындағы лагерьлер), асханалар тәулік бойы жұмыс істейді. Ал мейрамхана, дәмхана және кофехана секілді қоғамдық тамақтану объектілері сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін қызмет көрсетеді»,- делінген Қаулыда.