Сәбиге «қауіпті» массаж жасаған әйелдің видеосы желіде талқыланып жатыр
Сәбиге «қауіпті» массаж жасаған әйелдің видеосы желіде талқыланып жатыр
128
оқылды
Кішкентай сәбиге "қауіпті" массаж жасаған әйелдің видеосы Маңғыстау облысында резонанс тудырды. Бейнеу кентінің полициясы әйелдің кәсібилігіне тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Лада" басылымы. Желіде жарияланған видеодан әйелдің медициналық халат пен маскасыз балаға массаж жасап жатқанын және сәбидің қатты жылап жатқанын байқауға болады. Видеодағы әйелдің кәсібилігіне Маңғыстау облысының полиция департаменті тексеру жасаған. "Әйел жұмыс істейтін сұлулық салонына Бейнеу полициясының бастығы барды. Онда әйел мен баланың ата-анасы шақырылды. Полицияға арыз түспегені белгілі болды. Алайда әлеуметтік желілерді бақылау кезінде факт тіркеліп, істің барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр", – деді полициядан.