Мәулен Әшімбаев: Мемлекеттік рәміздер күні – ұлттың рухын көтеретін ерекше мереке
Мәулен Әшімбаев: Мемлекеттік рәміздер күні – ұлттың рухын көтеретін ерекше мереке
238
оқылды

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – елдік пен егемендікті дәріптейтін, ұлттың рухын асқақтатып, отаншылдық сезімін арттыратын айрықша мереке. Біздің Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз Тәуелсіздігіміздің негізгі нышаны, мемлекеттілігіміздің басты белгісі. Былтыр Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мемлекеттік туды кеңінен қолдануға қатысты азаматтардың ұсынысына қолдау білдіргені белгілі. Соның нәтижесінде, тиісті шешімдер қабылданып, көк байрағымызды пайдалану аясы кеңейтілді. Мұның өзі тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы қадамдардың бірі екені сөзсіз. Ұлтты ортақ мүддеге ұйыстыратын мереке құтты да ұзағынан болсын. Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!», – деді Мәулен Әшімбаев.

Біз бұған дейін Қазақстанның Елтаңба, Ту, Әнұраны Арктика архивінде сақталғанын жазған болатынбыз.