Тараз қаласында Ғазиз Байтасовтың құрметіне мурал салынуда
Тараз қаласында Ғазиз Байтасовтың құрметіне мурал салынуда
Тараз қаласындағы көпқабатты үйлерге Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың суреті бейнеленген мурал салына бастады. Қабырғаға кескінделген кескін көпшіліктің назарын өзіне аудартып, таңғалдыруда. Қала әкімдігі берген ақпаратқа сүйенсек, биыл шаһарда түрлі тақырыпта 15 мурал салынады екен. Қаражат демеушілер есебінен қаралса, суретті жергілікті суретшілер салуда. Ал Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың құрметіне арналған  мурал №3 ықшамаудандағы 3 тұрғын үйдің қабырғасынан көрініс таппақ. Бұл, сөз жоқ, көпке үлгі болар игі іс!  

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы