Мәулен Әшімбаев Өзбекстан Президентімен кездесті
Мәулен Әшімбаев Өзбекстан Президентімен кездесті

Қазақстан Парламенті Се­натының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Өзбекстанға рес­ми сапары аясында осы елдің Президенті Шавкат Мир­­зиеев­пен кездесті.

Мәулен Әшімбаев парла­ментаралық өзара іс-қимылды нығайту мақсатымен Олий Мә­­жілістегі әріптестерімен бір­лесіп атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Қазақстан Сенатының Тө­рағасы екі мемлекеттің Президенті ынтымақтастықтың жоғары дең­гейін белгілеп бергенін тілге тиек етіп, оны ел Парла­менттері ар­қылы қолдаудың маңызды екеніне назар аударды. Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­­стан мен Өзбек­стан арасындағы қарым-қаты­настың нығаюына баса мән беріп отыр. Сенат Спикері Қазақстан мен Өзбекстанның парламентаралық ынтымақтастығы белсенді дамып келе жатқанын және оның барлық қырлары бойын­ша өзара түсі­ністікке қол жеткізілгенін атап өтті. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы ынтымақтастық екі елдің болашағына оң әсерін ти­гізетініне сенім білдірді. Ал тату көршілік, сындарлы және өзара тиімді қарым-қатынас – елде­ріміздің өсіп-өркен­деуінің кепілі. «Біздің тығыз, жан-жақты және өзара сенімге негізделген бай­ланыстарымыз екі мемле­­­кет­тің де ұлттық мүдделеріне сай келеді. Мемлекет басшы­лары деңгейіндегі сенімді және нә­тижелі диалог осындай ынты­мақтастықтың іргетасы болып саналады. Қазақстан Парла­ментінің Сенаты Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы парла­ментаралық ынтымақ­­­тастықты нығайту және стратегиялық се­ріктестікті дамыту үшін бар­лық қажетті жұмысты ат­­­қа­­­рады», – деді Мәулен Әшім­баев. Сонымен қатар кездесу ба­рысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудың перс­пективалары, халықаралық арена­дағы өзара іс-қимыл және тағы басқа мәселелер тал­қы­ланды.

А.СҰЛТАН