Мәжіліс төрағасы Армения Президентімен жүздесті
Мәжіліс төрағасы Армения Президентімен жүздесті
437
оқылды

Мәжілісте палата Тө­рағасы Нұрлан Нығматулин Армения Республикасының Президенті Армен Сарки­сянмен кездесті.

Нұрлан Нығматулин Арме­ния Президентінің елімізге екі мем­­лекет тәуелсіздігінің 30 жыл­­ды­ғына арналған мемле­кеттік са­парының маңызы ту­ралы айтты. Сонымен қатар Мәжіліс Тө­рағасы Армения Президенті Қазақстанның Тұңғыш Прези­­денті, Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевпен, сондай-ақ Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт То­қаевпен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағда­ластық­тарды іс жүзінде жүзеге асыру үшін сая­си диалогті және Қазақстан–Ар­мения арасын­дағы жан-жақты өзара іс-қи­мылды нығайтуға ық­­пал ете­тініне сенім білдірді. Мәжіліс Төрағасының ай­туынша, қазақстандық парла­ментшілер бұл үшін қажетті заң­намалық көмек көрсетеді. Өз кезегінде Армения Пре­зиденті еліміздің жаһандық үде­рістердегі рөлін атап өтіп, Қа­зақ­станның басты жетіс­тіктерінің бірі – ұлтаралық және кон­фессияаралық келісімді атады. Қазақстан–Армян ынты­­­­мақтастығы туралы айта келе, Армения Президенті Қазақ­станды ҰҚШҰ, ЕАЭО және бас­қа да ха­лықаралық ұйым­дардағы жа­қын серіктес ел деп атады. Бұл ретте Армен Сар­кисян одан әрі өзара іс-қимыл үшін, оның ішінде пар­ла­ментаралық бай­ланыстың маңы­зын да атап өтті. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Армениямен жан-жақты қа­рым-қатынастарды дамытуға зор мән беретінін және Оңтүстік Кавказ өңіріндегі сенімді се­ріктес мем­лекет екенін атап өтіп, армяндық әріптестерімен ТМД Парла­мент­аралық Ас­самблеясы мен ЕҚЫҰ және ҰҚШҰ Парла­менттік ас­самблеялары және басқа да бір­лестіктер алаңында тығыз өзара іс-қимыл орнық­қанына назар аударды.

Мадияр ТӨЛЕУ