Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам көз жұмды
Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам көз жұмды
109
оқылды

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 21 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. 565 науқастың жағдайы ауыр. 

5 маусымдағы мәліметке сәйкес, 24 689 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Дәлірек айтсақ, 8 684 пациент стационарда, 16 005 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Ал КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 565 адамның жағдайы ауыр. 114 пациенттің жағдайы өте ауыр болса, 75 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.