Арқалықта мас тұрғын кішкентай ұлына көлік айдатып, полициядан қашты
Арқалықта мас тұрғын кішкентай ұлына көлік айдатып, полициядан қашты
132
оқылды

Кәмелетке толмаған ұлына көлік тізгінін беріп, полицейлерден қашқан Арқалық қаласы тұрғынының үстінен әкімшілік іс қозғалды. Ол енді 233 мың теңге айыппұл төлейді, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Тас жолда жас баланың көлікпен жүйткіп келе жатқанын полицейлер көріп қалған. Олар көлікті қуып жетіп, көлікті тоқтатуды талап еткен. Алайда баласының жанындағы әкесі оған алды-артына қарамай қашуды бұйырады. Бұл жағдайға ішіндегі жолаушылар мәз. Тәртіп сақшылары көлік соңына түседі. Бірақ қашқындар бағынбаған. Амалсыз артқы дөңгелегінен атуға мәжбүр болған. Тек сол кезде амалсыз аялдады. 35 жастағы жергілікті тұрғын мас болып, көлік тізгінін 14 жастағы кәмелетке толмаған баласына берген. Кішкентай жүргізушінің әкесі екі әкімшілік іс бойынша жауапкершілікке тартылды.