«Баспалдақ істеп беремін» – 2 миллион теңгені алып кеткен алаяқ ұсталды
«Баспалдақ істеп беремін» – 2 миллион теңгені алып кеткен алаяқ ұсталды
114
оқылды

«Үйдің баспалдағын істеп беремін» деген желеумен үй иесінің сеніміне кіріп,          2 миллион теңгеден астам ақшасын алған.

Уәдені былтыр берсе де, осы уақытқа дейін баспалдақ істеп бермеген. Үй иесі амалсыз полицияға шағымданды. Шағым бойынша облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындап, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін «мемлекеттен үй алып беремін» деген алаяқ туралы жазған болатынбыз.