«Өзеннің арнасын таппай қалдық» – Шөкеев су жағалауынан тас таситындардың тәртібін өзі қадағалайтын болды  
«Өзеннің арнасын таппай қалдық» – Шөкеев су жағалауынан тас таситындардың тәртібін өзі қадағалайтын болды  
231
оқылды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев оларға қарсы күресті өз бақылауына алды. Бұл туралы otyrar.kz жазды.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, өзен жағасындағы құм мен қиыршық тасқа қырғидай тиетіндер азаяр емес. Өзендер сарқылып, ауылдар сусыз қалды. Көпірлер мен жолдар жарамсыз болып жатыр. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев: «Заңсыз жер қойнауын пайдалану көбейіп кетті. Әсіресе, өзендердің бойындағы тас, құм қазғандардың жолын кесіп, қызметіне тосқауыл қою керек. Бұл мәселені аудандарда өткен кездесу кезінде ауыл ақсақалдары көтеріп, алаңдаушылық білдірген болатын. Табиғатқа қиянат жасауға болмайды. Өзен арнасын таба алмай қалдық. Тәртіп орнатпай, тынбаймын», – деді. Енді мобильді топ құрып, жер жағдайын телеметриямен (спутниктен алыстан өлшеу) мониторинг жасалады. Жыл басынан бері осындай 8 топ ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімі бойынша олардан          1,827 млрд теңге өндірілмек. Түркістан облысында пайдалы қазбалар өндіруге 110 келісімшарт жасалып, 38 лицензия берілген. Енді лицензия беруге мораторий жарияланды. Бұған дейін жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар айыппұл төлеп, жазадан құтылатын. Енді прокурорлар тас, құмды заңсыз қазып, тасымалдауды қайталағандардың мүлкін тәркілеуді ұсынып отыр.

Бұған дейін өзеннің жағасында отырып, сусыз қалған ауыл тұрғындарының жанақайын жазған болатынбыз.