Қазақстан хоккейшілері тағы да Канадамен ойнайды
Қазақстан хоккейшілері тағы да Канадамен ойнайды
312
оқылды

2022 жылы өтетін хоккейден әлем чемпионатының жеребесі тартылды.

Қазақстан құрамасы бұл жолы А тобына түсіп, Канада, Ресей, Германия, Швейцария, Словакия, Дания және Италия хоккейшілерімен сынға түседі. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2021 жылы Ригада өткен әлем чемпионатында Канада, Германия және Италия хоккейшілерімен кездескен. Соңғы екі құраманы жеңген Қазақстан Канадаға 2:4 есебімен есе жіберіп алды. Латвияда өткен біріншілікте Канада топ жарып, әлем чемпионы атанды. Қазақстан өз тобында 5 орын алып, плей-офф кезеңіне өте алмады. хоккей (1)