«Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
«Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
134
оқылды

«Қайрат» футбол клубы Алексей Шпилевскийдің бас бапкер қызметінен кеткені туралы ақпаратты растады. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.

– «Қайрат» футбол клубында кадрлық өзгерістер болды. Біздің клубта екі жарым жыл жұмыс істеген Алексей Шпилевский бас бапкер қызметінен кетті. Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін «Қайрат» маманның болашақ клубы «Эрцгебиргтен» өтемақы алады. Осыған орай, осы маусымда «Қайрат-Жастар» командасын жаттықтырған қазақстандық маман Кирилл Кекер «Қайрат» бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ал жастар командасын Академия жаттықтырушысы Кирилл Морунов басқарады», – деді баспасөз қызметі.