Алматыда 6 адам ұсталып, қару-жарақ тәркіленді
Алматыда 6 адам ұсталып, қару-жарақ тәркіленді
136
оқылды
Алматыда қару-жарақ арсеналы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Арнайы іс-шараны қалалық криминалдық полиция қызметкерлері ІІМ КПД-дегі әріптестерімен және арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен өткізді. Сауда үйлерінің бірінің тұрағында полиция қызметкерлері Lexus LX 470 және Toyota Camry көліктерін жауып тастады. Алты адам ұсталды, оның төртеуі бұрын сотталған.
– Олар қарақшылық шабуыл, тонау, бұзақылық, есірткі қылмыстары және заңсыз қару-жарақ айналымы үшін сотталған. Үлкені – 33 жаста, кішісі – 25 жаста. Біреуі – Түркістан облысынан,  қалғаны – Алматы облысының тұрғындары. Айыпталушыларға және олардың көлігіне жүргізілген жеке тінту кезінде екі “Макаров”, “Наган” және “Марголин” тапаншалары, тегіс ұңғылы екі мылтық, “Стражник” травматикалық тапаншасы және оларға арналған патрондар табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген барлық қару атуға жарамды болып шықты. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Берік Әбілбеков тергеу барысында тәркіленген әскери арсеналдың шығу тегі, иесі, сондай-ақ оның қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталатынын айтты.