Қыз баланың қадірі тұрмысқа шыққан соң емес, дүниеге келген күннен биік болуы керек екенін атап өтті.
«Дүниеге келген күннен қадірі биік болуы керек»: Жазира Байырбекова қыздарды құрметтеуге шақырды
Фото: әлеуметтік желі
155
оқылды

Әнші Жазира Байырбекова қыз баланың қоғамдағы орны туралы пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі қызды кішкентайынан құрметтеуге шақырды. Сонымен қатар қыздың қадірі тұрмысқа шыққан соң емес, дүниеге келген күннен биік болуы керек екенін атап өтті.

«Қыз – елдің болашағы. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ардақты жар, аяулы әже, бір әулеттің берекесін кіргізер шаңырақтың ұйытқысы. «Қыздың жолы жіңішке» дейді халқымыз. Қыз баланың тәрбиесі мен қадірі – бір отбасының емес, тұтас ұлттың тәрбиесі. Өйткені отбасының берекесі әйелден басталып, баланың тәрбиесі анадан қалыптасады. Қыз баланы төрге шығарып, «қонақ» деп емес, сол үйдің гүлі, жүрегі, бақыты деп қадірлеген қазақпыз. Қыздың қадірі – тұрмысқа шыққан соң емес, дүниеге келген күннен биік болуы керек. Ертеңгі жар болар қызды бүгіннен құрметтеу – ертеңгі ананы, болашақ әулетті құрметтеу. Қыз қадірленген үйде береке бар. Анасы ардақталған үйде тәрбие бар. Әйелі сыйланған шаңырақта бақыт бар. Сондықтан қыз баланың қадірі қашанда биік болсын!» - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің пікіріне қолдау көрсетіп, зорлық-зомбылық оқиғасы жиілеген уақытта үнсіз қалмағанына ризашылық білдірді.

«Өте орынды әрі жүрекке жететін ой айтылған! Қыз баланың қадірін осылай әдемі жеткізу үлкен мәдениет пен терең даналықтың белгісі. Жазира ханым өзекті тақырыптарға әдемі ойларыңыз ұнайды», «Қыз баланың бағы – барған жерінде», «Өте дұрыс айтылған сөз», деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.