Нұрлан Нығматулин Рашад Маммадовты қабылдады
Нұрлан Нығматулин Рашад Маммадовты қабылдады
286
оқылды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әзербайжан Рес­публикасының Қазақ­стан­дағы Төтенше және өкі­лет­ті елшісі Рашад Мам­ма­довты қабылдады.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту төңі­ре­гінде ортақ ойларымен бө­­­лісті. Сондай-ақ кездесуде Қазақ­стан мен Әзербайжан арасын­­да­­­ғы әріптестікке қатысты бір­қа­­­тар мәселе талқыланып, палата Спи­кері елшіге екі ел қа­рым-қаты­насын, соның ішінде пар­ла­мент­аралық байланысты ны­ғайтуға зор үлес қосқанын атап өтті. Палата Төрағасы Қазақ­­стан­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдер ара­сындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға күш салып, Әзербайжанмен өзара байланыстың ерекше маңызына назар аударатынын айтты. Сонымен қатар Нұрлан Нығ­матулин Әзербайжан Қазақ­станмен стратегиялық серіктес ел ғана емес, бауырлас мемлекет екенін, бүгінде Мемлекет бас­­­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев­­тың Ба­кумен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін алға тартты. – Біздің елдеріміз басшы­ла­рының келісімдері нәти­­­­жесінде көптеген бірлескен жо­балар жү­зеге асырылып жа­тыр. Бұл Қа­зақстан мен Әзер­байжан ғана емес, ай­мақ­тағы басқа ел­дердің де да­муына жаңа серпін берді, – деді Мәжіліс Төрағасы. Өз кезегінде мәртебелі мей­ман Қазақстанмен барлық салада әріптестік орнатып, парла­­мен­таралық өзара іс-қимылды жан­дандырып, сондай-ақ сауда-эко­номикалық қатынастың берік негізі қаланғанына тоқталды. Нұрлан Нығматулин мен Ра­шад Маммадов парла­мен­тара­­лық диалогті нығайту Қа­зақ­стан мен Әзербайжан ара­­сын­дағы өзара тиімді ынты­­мақ­тастықты да­мытуға ықпал ете­тініне сенім білдірді.  

Гүл БЕКЗАТ