Кәсіпкерлерге қолдау бар
Кәсіпкерлерге қолдау бар
119
оқылды

Павлодар облыстық мәслихат депутаты Серік Сәдуақа­сов­тың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті.

Қатысушылар қеңес жұмы­сының мақсаты мен міндетін тал­қылап, алдағы жылға ар­налған жұмыс жоспарын бекітті. Сондай-ақ өңірлік кеңес мү­шелері Павло­дар облысы бо­йынша партияның сайлауалды бағдарламасын орын­дау жөнін­дегі Жол картасының өзекті мәселелерін талқылады. – Біздің кеңестің басты мақ­саты – бірінші кезекте, барлық деңгейдегі Жол карталарының негізгі индикаторларына қол жет­кізу. Біздің Жол картамыздың бағыт­тары – «Қолайлы экономи­калық орта» және «Мықты кәсіпкерлер». Екінші маңызды міндет – өңіріміздің экономи­ка­сын одан әрі дамыту және кәсіп­керлікті қолдау үшін практикалық ұсынымдар әзірлеу, – деп атап өтті кеңес төрағасы Серік Сәдуақасов. Отырыс барысында Павлодар облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Тұрсынғалиев кеңес мү­шелеріне бизнес үшін кедергілерді жою және өңірдегі бәсекелестікті дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Ал «Атамекен» ӨКП дирек­торының құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары С.Әубәкіров қатысушыларды «Атамекен» ӨКП кәсіпкерлерді қолдау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы хабардар етті.

Әбілмансұр ЖАСАН