Қазақстандық шахматшы, Әйелдер мен ерлер арасындағы халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік Ресейде өтетін Әлем чемпионатына қатысады.
Бұл туралы шахматшының өзі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілге тиек етті. – Әрине, мен өте қатты қуандым. Өйткені бұл жетістікке ұзақ дайындалған едік. Ерлер арасындағы гроссмейстерлік нормамды соңғы рет 2018 жылы орындаған болатынмын. Пандемия басталғаннан кейін көп уақыт бойы ойнаудың сәті түспеді. Осындай чемпионатқа барып, әлемнің 11 шахматшы қызымен ойнай отырып, сәтті өнер көрсетудің әсері бөлек, – деді Жансая Әбдімәлік. Ол сөз арасында Ресейде нокаут-жүйе бойынша өтетін турнирге қатысатынын жеткізді. – Келесі турнирге келсек, нокаут-жүйе бойынша өтетін Әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отырмын. Ол турнир шілде айында Ресейдің Сочи қаласында өтеді, – деді гроссмейстер.А.ЖАСАН