Оқиға Назарбаев зияткерлік мектебіне үміткерлердің емтихан тапсырған кезде болған.
Сыныпты кварцтауға арналған ультракүлгін шам қосулы күйінде қалған.«Кварц астында отырғаннан кейін денсаулығына шағымданған оқушылар №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. 2004 жылғы 3 бала және 2005 жылғы бір баланы ауруханада дәрігерлер тексерді. Барлығының жеңіл деңгейде көз алмасы зақымданған. Мамандар 4 баланы да тексергеннен кейін амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберді», – деді Нұр-Сұлтан Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.