Жаңаөзен: Кварц шамын қосып, адамның бар-жоғын тексермеген
Жаңаөзен: Кварц шамын қосып, адамның бар-жоғын тексермеген

Жаңаөзенде балалар жұқпалы аурулар ауруханасында төрт жасар бала мен оның әпкесінің көзі кварц шамынан күйіп қалған.

InAktau-дың жазуынша, оқиға палатаны зарарсыздандыру кезінде болған. Қызметкер кварц шамдарын қосып, бөлмеде адам бар-жоғын тексермеген.

Біршама уақыттан соң бөлме кварцталған соң бала мен оның әпкесінің көзі қатты ісіп кеткені мен қышығанына шағымданған.