ҰБТ: бір сынақ, екі мүмкіндік
«Айқын» ақпарат
/ 09.06.2021
ҰБТ: бір сынақ, екі мүмкіндік
Биыл
Face-ID қауіпсіздікті қорғай ала ма?
Бұл сұрақ көптің көкейінде жүр. Өйткені тестілеу кезінде түлектен қулық аспайтынына көзіміз жетті. Былтыр ҰБТ-ны камера арқылы күллі Қазақстан бақылап отырғанда да оқыс қимылды байқап қалғанымыз бар. Сол үшін электрон форматтың қаншалықты әділ тестілеу өткізерін сұрастырдық. Мысалы, оқушыға екі рет мүмкіндік берілсе, ол бірінші сынақтан кейін әлеуметтік желіде сұрақтардың жауабы жарияланбасына кім кепіл? ҰТО мәліметіне мән берсек, аймақтардағы ҰБТ орталықтармен байланысты жабық VPN-канал бар. Мұны бұзу әсте мүмкін емес екен. Оның үстіне, тестілеуге арналған арнайы компьютерлер бар. Орталық берген логин мен құпиясөзді үшінші біреу біле алмайды. Оқушыға айласын асыру үшін компьютерге USB мен флэш-карта саламын деп әуре болудың қажеті жоқ. Өйткені тестілеуге арналған компьютерге құрылғы жалғанбайды. Идентификациядан өту үшін Face-ID қолданылады. Түлектердің жеке басы мемлекеттік жеке тұлғалар базасымен сәйкестендіру арқылы тексеріледі. Оқушының өзімен бірге артық зат әкеліп-әкелмегенін анықтайтын прокторинг жүйесі бар. Егер артық зат табылса, түлек аудиториядан шығарылады. Ал бірінші тестілеудегі сұрақ-жауаптар желіде жариялануына келсек, компьютер нұсқаны өзі дайындайды. Яғни, бұрын 100 мыңнан астам балаға 1 500 нұсқа әзірленсе, 120 мың тестілеушіге 120 мың нұсқа дайын. Біріне келген нұсқа екіншісіне ұқсамайды.
140 балл демекші, биыл аталған көрсеткішге Павлодар қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің түлегі Данияр Арманұлы қол жеткізді. Ол – Алтын белгі үміткері, жүзуден спорт шеберіне үміткер.
Ал сұрақтар санына келсек, жекеленген пәндерде өзгеріс бар. Мәселен, оқу сауатынан – 20, математикадан – 15, Қазақстан тарихынан – 15, екі бейіндік пәннен 35 сұрақ келеді. Сұрақтың жалпы саны – 120. Максималды ұпай – 140. Айталық, бұрын жауапты кешке қарай жарияласа, қазір бірден жиған ұпайыңызды білесіз. Егер дұрыс жауап бергеніңізге сенімді болсаңыз, 30 минут ішінде аппеляцияға бере аласыз. 140 балл демекші, биыл аталған көрсеткішге Павлодар қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің түлегі Данияр Арманұлы қол жеткізді. Ол – Алтын белгі үміткері, жүзуден спорт шеберіне үміткер. Ол алғашқы мүмкіндігінде-ақ ең жоғары ұпай жинады. Оқушымен тілдескенімізде, осы сертификатпен инженер мамандығына тапсыратынын айтты. Данияр екінші мүмкіндігін пайдаланып, тест тапсырмайды. Әрі оған Сүлеймен Демирел университеті мемлекеттік грант тарту еткен. ҰТО орталығының мәліметінше, биыл 127 167 оқушы бірінші мүмкіндікте тест тапсыруға тіркелген. Ал 247 156 тестілеуші екінші мүмкіндікке өтініш берген. Жалпы, елорда бойынша бірінші мүмкіндікке 8 469 оқушы тіркелсе, екіншісіне 15 476 өтініш түскен. Осы уақытқа дейін қалада 6 990 түлек тестілеуден өткен. Байқағанымыздай, бұрын ҰБТ тапсыру маусым айының соңына дейін аяқталса, биыл үш айға созылады. Мемлекеттің оқушыға тестілеуді 2 рет тапсыруға мүмкіндік бергенінің астары бары анық. Өйткені ҰБТ-дан соң өзіне-өзі қол жұмсау фактілері тіркелетіні белгілі. Министр жыл сайын тестілеу өмірдің соңы емес, одан кейін де жетістікке жетуге боларын айтып жүр. Психологтердің айтуынша, оқушыға ҰБТ күнін таңдап, бірнеше рет мүмкіндік беру сенім сыйлайды. Бірақ сенім сыйлаймыз деп жүріп, сұрақ-жауап желіде тарап кетпесіне кім кепіл? Себебі әлеуметтік желіде «ҰБТ-да келген нұсқаны талдау» басталып кеткен екен.
Айзат АЙДАРҚЫЗЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстандық мектеп оқушылары қысқы каникулда қанша күн демалады?
Жаңалықтар
«Ол – жүрегім сүйер соңғы адам»: әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жазбасымен о...
Жаңалықтар
Орынсыз қызғана берме: Ғаділбек Жанай келіншегін жұрттың көзінше жылатып қо...
Жаңалықтар
Алматыда тағы да жер сілкінді: қала 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналас...
Жаңалықтар
Димаш Құдайберген қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегеноваға тосынсый жаса...
Жаңалықтар
"Зәкең болған соң ешбір арна қабылдамады": Мақпал Жүнісова 30 жыл бұрын тү...