Қарағандыда екі жұмысшы цехтің шатырында қарасора өсірген, – деп жазады Polisia.kz.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кәсіпорын аумағынан 36 және 41 жастағы екі ер адамды ұстады. Екеуі цех шатырында заңсыз қарасора өсірген. Полицейлер 147 түп қарасораны тәркіледі. Ұсталғандардың айтуынша, олар қарасораны өздері пайдалану үшін еккен. «Плантация» үшін екеуі цех шатырын ыңғайлы етіп жабдықтаған. Тергеу басталды.Бұған дейін автобуста есірткі тасымалдаған әйел туралы жазған болатынбыз.