Жоба аясындағы игілікті іс жалғасын тапты
Жоба аясындағы игілікті іс жалғасын тапты
214
оқылды
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты облыстық филиалы жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында жаңа жобаны бастаған болатын. Негізгі мақсат – кәсіптік бағытта білім алушы жастардың тәжірибе жинақтауы, сондай-ақ олардың жұмыс күшін көмекті қажет ететін топтардың мұқтаждығын қанағаттандыруға пайдалану және кәсіптік мамандықтарды насихаттау. Бүгін аталмыш жоба аясында жасотандықтар М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша білім алушы жастармен бірге қоқыс салатын контейнерлер құрастырып, оларды Астана көшесінің бойына орналастарды. Бұл «Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалының «Жұмысшы мамандықтарды насихаттау» жобасы аясында ұйымдастырып отырған кезекті шарасы. Жуырда «Қызмет көрсету және сервис» колледжі «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының білім алушылары тәтті тоқаштар пісіріп, ардагерлерге апарып, батасын алып қайтты.
«Тігін өндірісі және модельдеу» мамандығының студенттері төсек-орын жабдықтарын тігіп, қаламыздың жалғыз басты қарттарына тарту етті. Сырттай қарағанда бұл жұмысымыз қайырымдылық болып көрінуі мүмкін. Алайда біздің мақсатымыз жастарға кәсіптік білім алу тегін екенін көрсеткіміз келеді. Биылғы жылдан бастап техникалық бағытта білім алушы студенттер өз саласы бойынша өнімдер шығарып оларды сатып, табыс таба алады. Яғни, колледж қабырғасында жүріп-ақ студенттер кәсіп жасауға дағдыланады. Осындай мүмкіндіктерді жастар арасында кеңінен ақпараттандыруды қолға алып отырмыз», - дейді «Jas Otan» ЖҚ аймақтық филиалының кеңесшісі Әсем Қаһарманова.