Ресейлік журналист YouTube арнасында Тоқаевқа арналған авторлық хабарын жариялады
Ресейлік журналист YouTube арнасында Тоқаевқа арналған авторлық хабарын жариялады
208
оқылды
Бүгін белгілі ресейлік журналист, халықаралық шолушы, тарихшы Леонид Млечин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті лауазымына сайланғанына екі жыл толуына орай өзінің YouTube арнасында авторлық хабарын жариялады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Автор "Казахстан между Россией и Китаем. 2 года Президента Токаева" деп аталатын деректі жобада Қазақстан басшысының саяси бағыт-бағдары жөнінде өзінің ой-пікірін ортаға салған. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалар туралы ғана емес, сондай-ақ, Мемлекет басшысымен кездескенде алған өз әсері жайлы да егжей-тегжейлі әңгімелейді", – деп жазды ол.